1️⃣1️⃣✅ QONAQ #11
Жобадағы келесі Алланың қонағы өз шақыруын алды, Әл-Ха́мду ли-Лля́х 🤲🏻
👤 Алланың қалауымен келесі қонағымызды инстаграммдағы сіздердің хаттарыңыздың көмегімен кездестірдік. Бауыржан ағамыз 15 жыл бойы мешіттің жанында етікші болып жұмыс жасап келген. Жұмыстан тыс ауылдағылардың қамына қарасып жүреді. Жұбайы 3-топ инвалид. 1-топ инвалид ағасы бар, соны қамқорлығына алып отыр. Қаншама тауқымет пен қаражат қиындығына қарамастан бүкіл жүкті әдемі сабырлықпен арқалап келеді және ешқашан сыртқа мұңын көрсетпейді. Бауырымызды Аллаһ осы жобадағы келесі қонағы етіп шақырды 🕋
9️⃣✅ QONAQ #9
Жобадағы келесі Алланың қонағы өз шақыруын алды, Әл-Ха́мду ли-Лля́х 🤲🏻
👤Абдужаппар бауырымыз Алланың кәләмі, қасиетті Құранды жаттаған. Қаншама жылдан бері мешіт салумен айналысады. Сауапты істі жаны сүйетін, өз ісіне адал, еңбекқор. Дін жолында да мешіттерге жәрдемдесіп жүреді. Бауырымызды Аллаһ осы жобадағы келесі қонағы етіп шақырды 🕋
Қажылық семинары |4-бөлім|
🕋 Қажылықтың Меккедегі парыздары
Аллаһ елшісі (ﷺ) оларға (сахабаларға): “Қағбаны тауап етіп әрі Сафа мен Маруа арасындағы сағиды атқарып, шаштарыңды қысқартыңдар да, ихрамнан шығыңдар! Сол күйлеріңде тәруия күніне дейін Меккеде қалыңдар да, сол күні қажылықты атқару ихрамына кіріңдер. Сөйтіп, алдында жасағандарың таматтуғ болсын", - деді.
Бұл жерде «Таматтуғ» сөзінің мағынасы: ыңғайлы жағдайды пайдалану, қажетіне жарату, рахаттану.
#hajj2022 #hickmettravel
7️⃣✅ QONAQ #7
Жобадағы келесі Алланың қонағы өз шақыруын алды, Әл-Ха́мду ли-Лля́х 🤲🏻
👤Аллаға және Ахрет күніне иман келтірген адамдар мешіттерді тірілтеді. Дарын бауырымыз жас болсада мешітте имам! Мешіттің алғашқы іргетасы қаланғаннан осы мешітте. Ауылдағы еңкейген қариядан бастап, жүгіріп жүрген балаларға дейін Құран үйретеді. Ауылдағы мұқтаж отбасылардың жанашыры. Сауапты істе алдына жан салмайтын, өз ісіне адал. Бауырымызды Аллаһ осы жобадағы келесі қонағы етіп шақырды 🕋
6️⃣✅ QONAQ #6
Жобадағы келесі Алланың қонағы өз шақыруын алды, Әл-Ха́мду ли-Лля́х 🤲🏻
👤Алла Тағаланың ең үлкен сыйлықтарының бірі, сүйген құлдарын қасиетті мекенге қонаққа шақыруы. Рахматуллаһ бауырымыздың жасы 24-те, ауылдағы балаларға Құран үйретеді. Өзі мешітте наиб имам қызметін атқарады. Өз уақытында әкесі ауданның білімді және еңбегі сіңген имамдарының бірі болған. Әке жолын ұстанған ұл, қасиетті Құранды үретуді өзіне мирас етіп алған. Аллаһтың жолында өмірін сарп еткен бауырымыз, өзінің және уйіндегі кішкентай қызының денсаулығындағы ахауына қарамастан қызметіне
берік және адал. Бауырымызды Аллаһ осы жобадағы келесі қонағы етіп шақырды 🕋
5️⃣✅ QONAQ #5
Жобадағы келесі Алланың қонағы өз шақыруын алды, Әл-Ха́мду ли-Лля́х 🤲🏻
👤 Бұл жолы бізге Аллаһ кездесуді нәсіп еткен ерекше жан - Сүрен ағамыз, қала тазалығымен айналысатын мекемеде жұмыс жасайды. Сауаптардан махрұм қалмауы үшін басшылықтан әрдайым мешіттердің айналасынан тапсырма беруін сұрайды. Сонымен қатар жұмыстан тыс уақытында мешіт ішінің дәретханасын тазалайды. Сүрен ағамыз екі қызына қамқор болып жүрген жалғыс басты әке, жұбайы дүниеден өткен. Өмірдің ауыр сынақтарына мойымай ағамыз Алланың разылығын көздеп, оны мешіттің айналасындағы қызметтен іздейді. Ағамызды Аллаһ осы жобадағы келесі қонағы етіп шақырды 🕋
3️⃣✅ QONAQ #3
🕋Жобадағы үшінші қонақ Алланың қалауымен өз шақыруын алды.
👤Келесі біздің кейіпкеріміз Бектас бауырымыз! Бұл кісі 15 жылдан аса Алла жолында қызмет жасап имамдылық міндетін атқарып келеді. Өмірдің тауқыметін көп көрседе Алланың разылығын іздеп жүрген бауырымыз. Анасының разылығын тауып, мүгедек бауырына қамқорлығын аямауда. Бүгінде Құдай қосқан қосағымен 5 баланы тәрбиелеп отырған салихалы әке! Бұл бауырымызға да Ұлы Рахманның қонағы болу бақыты нәсіп болды.
2️⃣✅ QONAQ #2
Жобадағы екінші қонақ Алланың қалауымен өз шақыруын алды, Әл-Ха́мду ли-Лля́х 🤲🏻
👤 Бұл жобамыздың басты мақсаты қажылықты насихаттау, болашақ ұрпаққа өнеге ретінде тәрбие қалдыру, осындай лайықты жандардың жүзіне қуаныш сыйлау болып табылады.
Келесі біздің кейіпкеріміз Ерік аға! Бұл кісі 10 жылдан аса жамағат намазын жібермейді. Таң намазын оқып, зікірін айтып, күн шыққан соң Дұха намазын оқып үйіне оралуды әдетке айналдырған. Мешіттің жұмыстарынанда шет қалмайтын жүрегі мешітке байланған мұсылман бауырымыз! Бұл кісіге де Ұлы Рахманның қонағы болу бақыты нәсіп болды.
Алланың қалауымен бірінші қонақ осы жылы үлкен қажылыққа аттанады
1️⃣✅ QONAQ #1
Жобадағы бірінші Алланың қонағы өз шақыруын алды, Әл-Ха́мду ли-Лля́х 🤲🏻
👤 Апайымыз 15 жыл бойы мешіт ішінің және сыртының тазалығына жауап беріп келе жатыр. Екі ұлы бар. Біреуін қари қылып тәрбиелеп, оқытып, өсірді. Кейіннен оны Нұр-Мубаракка түсіртті. Апайымыз материалдық мұқтаждығына қарамастан садақасын әрдайым үзбейді.
Ақшамен болса да кітаппен болса да...
Алланың қалауымен бірінші қонақ осы жылы үлкен қажылыққа аттанады... 🕋