Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын!
Алмас Алин
tilkomiteti
Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ТІЛ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тіл саясатын тиімді іске асыру мәселелері бойынша республикалық семинар өткізді. Семинар Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырыста мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оны қолдану аясын, әсіресе ғылым мен білім беру саласында одан әрі кеңейту мүмкіндігін қарастыру бойынша берген тапсырмасын іске асыруға бағытталған.
Ойталқыға ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының бас директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессоры Өркен Мамырбаев, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы, PhD, «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру жобасының жеңімпазы Жансая Омарова қатысып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін өздіг
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында, «Қазақ тілі – азаматтық бірегейлігіміздің және рухани бірлігіміздің нашаны» атты іс-шараны өткізді.
Жиынның модераторы болу ақын және қоғам қайраткері Төлекеев Қаратай Байкенұлына бұйырды. Ал, бұл шарада Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Аянұлы Алин, «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ермек Бекенұлы Нұғыманов, Ш.Уәлиханов атындағы университетінің философия докторы (PhD), профессор Ерболат Баятұлы, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Серғалиев, Көкшетау қаласындағы № 1 мектеп-гимназиясының мұғалімі, «Тіл шебері» облыстық байқауының жеңімпазы Нилуфар Алмасханқызы Амирасланова және Ш.Уәлиханов атындағы университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының І курс студенті Ермек Пейіл сөз сөйлеп, өз ұсыныстарымен бөлісті.
Соның ішінде, Е. Бекенұлы облыстағы барлық балабақшаларды мемлекеттік тілге көшіру туралы ұсыныс білдірсе, Ә. Серғалиев Солтүстік өңірлерде Тіл саясатын дамытуға арналған бөлек бағда